Негізгі реттеулерді тексеру және реттеу
Қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде пайдаланғаннан кейін жұмыс үстелінің негізгі реттеулерін тексеріп, қажетінше реттеу керек болады. Ол үшін тәжірибе мен тиісті арнайы құрал қажет болады.
- Бұл ретте электр құралын бекіткіш жинақтарымен бірге алып тастаңыз.
Тірек құлпын реттеу (L суретін қараңыз)
Тірекке (8) арналған құлып (9) уақыт өткенмен босап қалуы мүмкін.
- Құлыпты (9) жауып қойыңыз.
- Оймакілтекті бұрауышты жұмыс үстелі мен гайка (27) арасында жылжытыңыз.
- Құлыпты, құлыптау иінтірегі қайтадан қатты жабылғанша, сағат тілінің бағытымен бұраңыз.
- Оймакілтекті бұрауышты алып тастап, реттеуді тағы бір рет тексеріп шығыңыз.
Дөңгелек құлпының тоқтатқыш болттарын реттеу (M1−M2 суреттерін қараңыз)
Тексеру
- Жұмыс үстелін жұмыс (толықтай жайылған) күйіне келтіріңіз.
Екі тоқтатқыш болт (20) толықтай шығарылуы керек және тоқтатқыш болттар мен бұғаттау тақтасының (21) арасында саңылау болмауы тиіс.
Реттеу
- Түпқойманың әр жағындағы гайкаларды (28) (16 мм) төрт рет айналдыру арқылы босатыңыз.
- Тоқтатқыш болттар мен бұғаттау тақтасының арасында саңылау пайда болатын жақтағы реттегіш бұранданы (29) тартыңыз. Егер бұл ретте саңылау азаймаса, басқа жақтағы реттегіш бұранданы босату қажет.
- Әрекетті, екі тоқтатқыш болт қайтадан толықтай шығарылғанша және тоқтатқыш болттар мен бұғаттау тақтасының арасында саңылау пайда болмағанша қайталаңыз.
- Гайкаларды (28) қайтадан мықтап тартыңыз.