Іске қосу

Зарядталған аккумуляторды (8) аккумулятор орнына (14) сырт еткен дыбыс естілгенше енгізіңіз.

Аккумулятор шамын тұрақты тегіс табанға қойыңыз. Қатты тұруына көз жеткізіңіз.

Аккумуляторлық шам орнынан абайсызда қозғалып кеткен жағдайда, қауіпсіздік тұтқасы (3) шамды (1) зақымданудан қорғайды.

Штативтің (9) көмегімен аккумуляторлық шамды штативке бұрап бекітіңіз.

Аккумуляторлық шамды штативке мықтап бекітіңіз. Аккумуляторлық шамның босап және/немесе құлап кетпейтініне көз жеткізіңіз.

Штатив қатты тұруына көз жеткізіңіз.

Қосқыш/өшіргіш

Функция

1 x басыңыз

Аккумуляторлық шамды қосу, бәсеңдетілген (1. Деңгей)

2 x басыңыз

Аккумуляторлық шамды қосу, бәсеңдетілген (2. Деңгей)

3 x басыңыз

Аккумуляторлық шамды қосу, толық жарықтық (3. Деңгей)

4 x басыңыз

Аккумулятор шамын өшіру

Егер аккумуляторлық шам шамамен 5 минутқа қосылған болса, келесі басқан кезде ол бірден өшеді.

Егер жұмыс температурасы рұқсат етілген шамадан асып кетсе, онда акккумуляторлық шам өшеді. Аккумуляторлық фонарьды суытып қайта қосыңыз.

Аккумуляторлық шам қосылған кезде, аккумулятор зарядының деңгей индикаторындағы (6) бес жарық диоды аккумулятордың (8) зарядталу күйін көрсетеді.

Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторындағы жасыл түсті жарық диодтары аккумулятордың заряд деңгейін көрсетеді. Қауіпсіздік үшін зарядталу күйін тек аккумуляторлық шам өшірулі кезде ғана тексеруге болады.

Зарядталу күйін көрсету үшін заряд деңгейі индикаторының немесе түймесін басыңыз. Мұны аккумулятор шығарылғанда да орындауға болады.

Заряд деңгейінің индикаторына арналған түймені басқаннан кейін ешқандай жарық диоды жанбаса, бұл аккумулятордың ақаулы және оны ауыстыру керек екендігін білдіреді.

Аккумулятор түрі GBA 18V...

Жарық диодтары

Қуаты

Үздіксіз жарық 3× жасыл

60−100 %

Үздіксіз жарық 2× жасыл

30−60 %

Үздіксіз жарық 1× жасыл

5−30 %

Жыпылықтау 1× жасыл

0−5 %

 

Аккумулятор түрі ProCORE18V...

Жарық диодтары

Қуаты

Үздіксіз жарық 5× жасыл

80−100 %

Үздіксіз жарық 4× жасыл

60−80 %

Үздіксіз жарық 3× жасыл

40−60 %

Үздіксіз жарық 2× жасыл

20−40 %

Үздіксіз жарық 1× жасыл

5−20 %

Жыпылықтау 1× жасыл

0−5 %

Түймелі элемент (12) толығымен істен шыққанша, қолданбада ескерту көрсетіледі.

Батарея бөлімінің қақпағын (11) ашу үшін, оны бұрауышпен сағат тіліне қарама-қарсы бағытта бұраңыз, содан соң батарея бөлімінің қақпағын алыңыз. Босаған кіші батареяны алып жаңасын салыңыз. Шешкен кезде батарея ұстағышы зақымдалмауына көз жеткізіңіз. Түймешікті ұяшық плюс полюсі жоғарыға көрсетуін ескеріңіз.

Батарея бөлімінің қақпағын қайта жабыңыз.