Қызмет көрсету және тазалау
- Аккумуляторлық фонарьмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету және т.б.) бастамай тұрып, сондай-ақ, аккумуляторлық фонарьды тасымалдау және сақтау кезінде аккумуляторды алыңыз. Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін тудырады.
Аккумуляторлық фонарь техникалық қызмет көрсетуді қажет етпейді және ауыстыруды немесе қызмет көрсетуді қажет ететін элементтерді қамтымайды.
Зақым келтірмеу үшін аккумуляторлық шамның әйнек пластинкасын тек құрғақ әрі жұмсақ шүберекпен тазалаңыз. Жуғыш заттарды немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.
Кіші батарея заряды толығымен таусылған кезде, оны жаңасымен ауыстырыңыз.