Аккумуляторды зарядтау (керек-жарақтар)
- Тек техникалық мәліметтерде жазылған зарядтағыш құрылғыларды пайдаланыңыз. Тек қана мұндай зарядтағыш құрылғылар аккумуляторлық шамда пайдаланылатын литий-иондық аккумулятормен үйлесімді.
Нұсқау:аккумулятор ішінара зарядталған күйде жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын пайдалану үшін оны алғаш рет пайдаланудан алдын толық зарядтаңыз.
Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін қысқартусыз кез келген уақытта зарядтауға болады. Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына әкелмейді.
Литий-иондық аккумулятор электрондық элементтерді қорғау "Electronic Cell Protection (ECP)" арқылы терең заряд жоғалтудан қорғалған. Аккумулятордың тогы бітсе, қорғау жүйесі аккумуляторлық фонарьды өшіреді.
- Автоматты өшуден кейін аккумуляторлық фонарьдің қосқышын/өшіргішін баспаңыз. Әйтпесе аккумулятор зақымдануы мүмкін. Аккумуляторлық фонарьді қосудан алдын аккумулятор зарядталғанын және аккумуляторлық фонарь суығанын қамтамасыз етіңіз.
Аккумуляторды (8) шығару үшін құлыптан босату түймесін (10) басып, аккумуляторды аккумуляторлық шамнан шығарыңыз. Бұл ретте күш салмаңыз.
Кәдеге жарату туралы нұсқауларды орындаңыз.