Қауіпсіздік нұсқаулары

Штативпен және пайдаланылатын шаммен бірге берілген барлық қауіпсіздік техникасының нұсқауларын және ескертпелерді оқып шығыңыз. Қауіпсіздік техникасының нұсқауларын және ескертпелерді сақтамау ток соғуға, өртке және/немесе ауыр жарақаттануға әкелуі мүмкін.
Қауіпсіздік техникасының нұсқаулары мен ескертпелерді болашақ жұмыстар үшін сақтап қойыңыз.
- Штативтің берік орнатылғанына көз жеткізіңіз. Тегіс емес немесе берік емес беттерде, штатив аяқтары толықтай жайылмаған жағдайда немесе тым қатты жүктеме түскен жағдайда, штатив аударылып кетуі мүмкін.
- Штативті монтаждалған шаммен бірге тасымалдаған кезде абай болыңыз. Аударылу қаупі бар.
- Барлық бұрандалар мен құлыптардың әрдайым тартылғанына көз жеткізіңіз. Бекітілмеген штатив босап қалуы немесе аударылып кетуі мүмкін.