Пайдаланушы интерфейсі

Пайдаланушы интерфейсі мына мақсаттар үшін пайдаланылады:

Нұсқау: пайдаланушы интерфейсіндегі (2) түймелердің бірі алғаш рет басылған кезде, пайдаланушы интерфейсінің жарығы және жұмыс шамы қосылады да, тек содан кейін реттеулерді өзгертуге болады.

Күй индикаторының (17) түсі

Мағынасы

Шешімі

Электр құралы өшірулі

жасыл

Электр құралы қосулы және жұмысқа дайын

сарыA)

Критикалық температураға жетті

Электр құралын өшіріп, суытыңыз.

Аккумулятор заряды таусылған дерлік

Аккумуляторды зарядтаңыз.

қызыл түспен жыпылықтайды

Қайта іске қосылудан қорғаныс іске қосылды

Электр құралын өшіріп, қайта қосыңыз.

қызыл

Электр құралы қызып кетті.

Электр құралын суытыңыз.

Аккумулятор заряды таусылған

Аккумуляторды зарядтаңыз.

4× көк түспен жыпылықтайды

Бастапқы күйге қайтару функциясы іске қосылды

A)

Электр құралының температурасы қалыпты және аккумулятор зарядталған болса да, күй индикаторы (17) сары түспен тұрақты жанып тұрған жағдайда, Bosch электр құралдарына арналған өкілетті қызмет көрсету орталығына жолығыңыз.

Тербелістер санын алдын ала таңдау түймесінің (22) көмегімен тербелістер санын алдын ала таңдауға және жұмыс барысында өзгертуге болады. Тербелістер санын алдын ала таңдау түймесін, қажетті тербелістер санының деңгейі тербелістер санының индикаторында (21) пайда болғанша басыңыз. Электр құралын өшірген кезде, соңғы реттелген тербелістер санының деңгейі жадқа сақталады.

Талап етілетін тербелулер санын материалмен жұмыс жасау жағдайына байланысты тәжірибе арқылы анықтауға болады.

  • Ағашты аралау үшін тербелістер санының ең көбі "6" деңгейі ұсынылады.
  • Ажарлау үшін тербелістер санының ең көбі "4" деңгейі жарамды.
  • Пластик пен металды аралау үшін тербелістер санының ең көбі "4" деңгейі жарамды.

Назар аударыңыз: алмалы-салмалы аспаптардағы немесе олардың орауышындағы максималды тербелістер саны туралы мәліметтерді ескеріңіз. Ажарлауға және тасты алмалы-салмалы аспаптар сияқты алмалы-салмалы аспаптармен ең көбі "4" тербелістер санының деңгейінде жұмыс істеңіз.

Нұсқау: тым үлкен тербелістер саны алмалы-салмалы аспаптардың тозуын ұлғайтады немесе алмалы-салмалы аспаптардың мезгілсіз істен шығуына әкелуі мүмкін.

Adaptive Speed Control функциясы дәл кесіктер жасауға мүмкіндік береді:

  • Функция қосылып тұрғанда, тербелістер саны кесу басында төмен болады. Нәтижесінде ара төсемін қажетті кесік сызығына барынша дәл орналастыруға болады.
  • Ара төсемі дайындамаға кіргенде, тербелістер саны алдын ала таңдалған тербелістер санының деңгейіне автоматты түрде көтеріледі.
  • Жұмыс процесі аяқталғаннан кейін, ара төсемінің алдыңғы бөлігі дайындамадан алынғанда, тербелістер саны автоматты түрде төмендетіледі. Электр құралы қосылып тұрады.
  • Adaptive Speed Control функциясы металл немесе қатты сүрек сияқты қатты материалдарды аралау және кесу үшін айрықша жарамды.
  • Adaptive Speed Control функциясын қосу және өшіру үшін режим түймесін (20), Adaptive Speed Control индикаторы (18) жанғанша (қосулы) немесе сөнгенше (өшірулі) басыңыз.

Stop Control функциясы айналадағы заттарға зақым келтіру қаупін азайтуға мүмкіндік береді:

  • Электр құралы жұмыс процесінің соңында автоматты түрде өшіп қалады (мысалы, батырма ара төсемі дайындамадан алынғанда). Stop Control индикаторы (19) жыпылықтап, автоматты түрде өшіру туралы хабарлайды.
  • Электр құралын ажыратқыштың (3) көмегімен өшіріп, келесі жұмыс процесі үшін қайта қосыңыз.
  • Stop Control функциясы жұмсақ және жіңішке материалдарды аралауға арналған (мысалы, гипскартон, шкафтың артқы қабырғасы, жұқа плинтус немесе пластик материалдар). Функцияны пайдаланған кезде әрдайым біркелкі басу қысымымен жұмыс істеңіз. Қатты материалдар, біркелкі емес жұмыс немесе басқа қолдану әдістері (мысалы, ажарлау) үшін өшіру функциясы іске қосылмауы мүмкін. Сондықтан кесілетін дайындаманың артында қуат сымының жоқтығына көз жеткізіңіз.
  • Stop Control функциясын қосу және өшіру үшін режим түймесін (20), Stop Control индикаторы (19) жанғанша (қосулы) немесе сөнгенше (өшірулі) басыңыз.

Adaptive Speed Control және Stop Control функцияларын бөлек немесе бірге пайдалануға болады. Электр құралын өшіру кезінде, функциялардың реттеуі жадта сақталады.

Пайдаланушы интерфейсіндегі барлық реттеулерді бастапқы күйге қайтару үшін пайдаланушы интерфейсіндегі (2) түймелерді 7 секундтай басыңыз. Растау үшін күй индикаторы (17) 4 рет көк түспен жыпылықтайды.