Пайдалану түрлері
- Аралау тереңдігін дайындаманың қалыңдығына байланысты реттеңіз. Дайындаманы көру мүмкін болуы үшін ол тістің толық биіктігінен азырақ болуы керек.
Кесік тереңдігін алдын ала таңдауға арналған түйменің (3) көмегімен кесік тереңдігін реттеуге болады.
Шағын кесік тереңдігі үшін араны тірек тақтасынан (8) ары тартыңыз, ал үлкен тереңдік үшін араны тірек тақтасына (8) қарай итеріңіз. Кесік тереңдігінің шкаласында (21) қажетті өлшемді орнатыңыз.
Нұсқау: бағыттауыш шинамен кесу үшін кесік тереңдігінің шкаласындағы (21) ақ түсті шкала белгісін (41) және бағыттауыш шинасыз кесу үшін қызыл түсті шкала белгісін (42) пайдаланыңыз.
Электр құралды қорғағыш қаптаманың (17) бүйірлік бөлігіне қойыңыз.
Еңіс бұрышын алдын ала таңдауға арналған қысқыш иінтіректі (10) және құлақты бұранданы (16) босатыңыз. Араны бүйірге қайырыңыз. Қажетті өлшемді шкалада (9) орнатыңыз. Реттегіш иінтіректі (10) және құлақты бұранданы (16) қайтадан бұрап бекітіңіз.
Араны қайтадан бастапқы күйіне келтіру үшін еңіс бұрышын алдын ала таңдауға арналған қысқыш иінтіректі (10) және құлақты бұранданы (16) босатыңыз. Араны 0° күйге келтіріп, қысқыш иінтірек пен құлақты бұранданы қысымсыз араға қайта тартыңыз.
Нұсқау: Бұрышпен аралау тереңдігі аралау тереңдігінің шкаласында (21) көрсетілген саннан кем.