Ара төсемін орнату/ауыстыру
- Аккумуляторды электр құралмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін тудырады.
- Аралау дискісін орнату кезінде қорғағыш қолғап киіңіз. Аралау дискісіне тигенде жарақат алу қаупі бар.
- Тегістеу шеңберлерін қондырма ретінде пайдаланбаңыз.
- Тек осы пайдалану нұсқаулығында және электр құралында берілген деректерге сәй және EN 847-1 бойынша тексерілген болып тиісті ретте белгіленген аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Электр құралды қозғалтқыш корпусының бүйірлік жағына қойыңыз.
- Шпиндельді бұғаттау түймесін (6) басып, ұстап тұрыңыз.
- Шпиндельді бұғаттау түймесін (6) ара шпинделі тоқтап тұрған болса ғана басыңыз. Әйтпесе электр құралын зақымдауыңыз мүмкін.
- Алты қырлы дөңбек кілтпен (30) қысқыш бұрандаманы (29) ➊ бағытында бұрап шығарыңыз.
- Маятниктік қорғағыш қаптаманы (15) артқа тартып, берік ұстаңыз.
- Қысқыш фланецті (28) және аралау дискісін (27) шпиндельден (25) алыңыз.
Электр құралды қозғалтқыш корпусының бүйірлік жағына қойыңыз.
- Аралау дискісін (27) және барлық бекіту бөлшектерін тазалаңыз.
- Маятниктік қорғағыш қаптаманы (15) артқа тартып, берік ұстаңыз.
- Аралау дискісін (27) тірек фланеціне (26) орнатыңыз. Тістердің кесу бағыты (аралау дискісіндегі көрсеткінің бағыты) және маятниктік қорғағыш қаптамадағы (15) айналу бағытының индикаторы бірдей болуы қажет.
- Қысқыш фланецті (28) орнатыңыз және қысқыш винтті (29) ➋ бағытында бұрап бекітіңіз. Қысқыш фланецтің (26) және тірек фланецтің (28) орнату күйі дұрыс болуын қадағалаңыз.
- Шпиндельді бұғаттау түймесін (6) басып, ұстап тұрыңыз.
- Алты қырлы дөңбек кілтпен (30) қысқыш винтті (29) ➋ бағытында бұрап бекітіңіз. Тарту моменті 6–9 Нм құрауы керек, қолмен бұрау плюс ¼ айналымға сәйкес келеді.