Пайдалануға ендіру
Электр құралын қосу үшін алдымен іске қосылудан қорғайтын құлыпты (8) солға қарай басыңыз. Содан кейін ажыратқышты (7) басып тұрыңыз.
Жұмыс шамы косқыш/өшіргішті (7) жай немесе толық басылғанда жеткіліксіз болған жарық жағдайында жұмыс аймағын жарықтандырады.
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (7) жіберіңіз. Содан кейін іске қосылудан қорғайтын құлыпты (8) қайтадан оңға қарай басыңыз.
Жұмыс шамы (9), электр құралын өшіргеннен кейін шамамен 10 секундта автоматты түрде сөнеді.
Қосқышты/өшіргішті (7) басу күшін өзгерте отырып, қосылған құралдың жүріс санын біртіндеп реттеуге болады.
Қосқышты/өшіргішті (7) жай басқанда төменірек жүріс санымен жұмыс істейді. Басу күші асқанда жүріс саны асады.
Жүріс санын алдын ала таңдауға арналған реттегіш дөңгелек (10) жүріс санын электр құралын қоспас бұрын алдын ала таңдауға болады.
1: | төмен жүріс саны |
6: | жоғары жүріс саны |
Қажетті жүріс саны материал мен жұмыс шарттарына байланысты болып табылады және оны тәжірибе арқылы анықтауға болады.
Жүріс санын мына жағдайларда төмендетуге кеңес беріледі:
- ара төсемін дәлірек орналастыру үшін ара төсемін дайындамаға қойған кезде,
- материалдың балқуын болдырмау үшін пластик пен алюминийді аралау кезінде.
Аз жүрістер санында ұзақ уақыт электр құралды пайдалану оның қатты қызуын тудыруы мүмкін. Ара полотносын алып электр құралын салқындату үшін шам. 3 минут максималдық жүріс санында істетіңіз.