Пайдалану нұсқаулары
- Электр құралында кез келген жұмыс өткізбес бұрын (мысалы, техникалық қызмет көрсету, құралды алмастыру және т.б.) аккумуляторды электр құралынан шығарып алыңыз. Ажыратқышты кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі туындайды.
- Қылышты ара тұрып қалса электр құралын бірден өшіріңіз.
- Жеңіл құрылыс материалдарын аралау кезінде материал өндірушісінің нұсқаулықтары мен ұсыныстарын орындаңыз.
Ағаш, АЖТ, құрылыс материалдарын және т.б. аралау алдында ине, бұранда және т.б. сияқты бөгде заттардың бар-жоғын тексеріп шығыңыз және жарамды ара төсемін пайдаланыңыз.
Электр құралын қосып өңделетін дайындамаға апарыңыз. Тіреу тақтасын (3) дайындама бетіне қойып, материалды бірқалыпты ретте басып немесе жылжытып аралаңыз. Жұмыс әрекетін аяқтағаннан соң электр құралын өшіріңіз.
Ара төсемі тұрып қалса, электр құралын бірден өшіріңіз. Араланған аралықты сайкес аспаппен аз кеңейтіп электр құралын шығарыңыз.
Тіреу тақтасы (3) жылжымалылығына байланысты үстіңгі беттің қажетті бұрыштық күйіне сай келеді.
Тірек тақтасын (3) пайдаланылатын ара дискісіне және пайдалану жағдайына байланысты бойлай бағытпен 3 деңгей бойынша жылжытуға болады.
Құлыптан босату түймесін (11) басыңыз және тірек тақтасын (3) қажетті күйге жылжытыңыз. Құлыптан босату түймесін жіберіңіз де, тірек тақтасының берік бекітілгенін тексеріп шығыңыз. Тірек тақтасын берік бекітілгенше қажетінше ары жылжытыңыз.
Ара дискісінің бекіткішін (21) тазалау үшін тірек тақтасын (3) босату түймесін (11) басып тұрып толығымен тартып шығаруға болады. Тірек тақтасын тазалағаннан кейін бекіткішіне тірелгенше қайтадан кіргізіңіз.
- Босату түймесін жұмыс істеу кезінде баспаңыз. Әйтпесе электр құралын бақылаудан айырылуыңыз және жарақат алуыңыз мүмкін.
- Батырып аралау кезінде тек ағаш, гипсокартон және т.б. сияқты жұмсақ материалдарды өңдеуге болады! Батырып аралау кезінде металл заттарды өңдемеңіз!
- Батырып аралау үшін максималды ұзындығы 100 мм болатын ара дискілерін ғана пайдаланыңыз. Ұзын ара дискілерімен тірек тақтасын орнатуға болмайды және электр құралы қажетті дәрежеде тұрақты болмайды.
Электр құралын тірек тақтасының (3) жиегімен ара дискісін (2) дайындамаға тигізбей дайындамаға қойыңыз және іске қосыңыз. Жүріс санын басқару блогы бар электр құралдарында максималды жүріс санын таңдаңыз. Электр құралын дайындамаға қатты басып, ара төсемін дайындамаға баяу кіргізіңіз.
Тірек тақтасы (3) дайындамаға толықтай жайылғанда, қалаулы кесік сызығымен аралаңыз.
Белгілі бір жұмыстарда ара дискісін (2) 180°-қа бұрап (тістерін жоғары қаратып), қайта орнатуға және электр құралын тиісінше бұрап бағыттауға болады.
Икемді биметалл ара төсемдері, мысалы, су құбырлары және т.б. сияқты дөңес құрылыс элементтерін тікелей қабырғада аралауға мүмкіндік береді.
- Ара төсемі әрдайым өңделетін дайындама диаметрінен ұзын болғанына көз жеткізіңіз. Кері соққы қаупі бар.
Ара төсемін қабырғаға тығыз қойып, электр құралын шетінен басып, тірек тақтаны қабырғаға тигізіп аздап қисайтыңыз. Электр құралын қосып дайындаманы тұрақты реттегі басымбен аралаңыз.
Ілгектердің (6) көмегімен электр құралын, мысалы, сатыға іліп қоюға болады. Ол үшін ілгектерді қажетті күйге қайырыңыз.
- Электр құралы ілінген кезде, ара дискісі кездейсоқ жанасудан қорғалғанына назар аударыңыз. Жарақат алу қаупі бар.
Электр құралымен жұмыс істеу қажет болса, ілгектерді (6) қайтадан жинап қойыңыз.