Ара төсемін салу/алмастыру (керек-жарақ)

Ұсынылатын ара төсемдеріне шолу осы пайдалану нұсқаулығының соңында берілген. Тек қана 1/2 дюймдік әмбебап білігі бар ара төсемдерін орнатыңыз. Ара төсемі қажетті кесіктен ұзын болмауы керек.

Ара төсемін босатуға арналған иінтіректі (4) сағат тілінің бағытына қарсы тірелгенше басыңыз да, сол күйде берік ұстап тұрыңыз. Ара төсемін (2) ара төсемінің бекіткішіне (21) кіргізіңіз. Ара төсемін босатуға арналған иінтіректі жіберіңіз.

  • Ара төсемін тарту арқылы оның берік бекітілгенін тексеріп шығыңыз. Босап қалған ара төсемі құлап, сізге жарақат тигізуі мүмкін.

Белгілі бір жұмыстарда ара төсемін (2), сондай-ақ 180°-қа бұрап (тістерін жоғары қаратып), қайта орнатуға болады.

  • Ара төсемін шығарудан бұрын суытыңыз. Ара төсеміне тиюден жарақат алу қаупі бар.

Ара төсемін босатуға арналған иінтіректі (4) сағат тілінің бағытына қарсы тірелгенше басыңыз да, сол күйде берік ұстап тұрыңыз. Ара төсемін (2) шығарып алыңыз. Ара төсемін босатуға арналған иінтіректі жіберіңіз.