Пайдаланушы интерфейсі
Пайдаланушы интерфейсі мына мақсаттар үшін пайдаланылады:
- электр құралының күйін көрсету үшін
- Adaptive Speed Control және Stop Control функцияларын қосу/өшіру үшін
- KickBack Control функциясын қосу/өшіру үшін
- ескерту сигналдарын беру үшін (мысалы, температураға байланысты артық жүктемеден қорғаныс)
- әдепкі реттеулерге қайтару үшін (бастапқы күйге қайтару)
Нұсқау: пайдаланушы интерфейсіндегі (17) түймелердің бірі алғаш рет басылған кезде, пайдаланушы интерфейсінің жарығы қосылады да, тек содан кейін реттеулерді өзгертуге болады.
Пайдаланушы интерфейсіндегі (17) реттеулерді мүмкіндігінше электр құралын қоспас бұрын өзгертіңіз.
Күй индикаторының (14) түсі | Мағынасы | Шешімі |
---|---|---|
− | Электр құралы өшірулі | − |
жасыл | Электр құралы қосулы және жұмысқа дайын | − |
сары | Критикалық температураға жетті | Электр құралын өшіріп, суытыңыз. |
Аккумулятор заряды таусылған дерлік | Аккумуляторды зарядтаңыз. | |
KickBack Control функциясы өшірілген | KickBack Control функциясын қайта қосыңыз. | |
қызыл түспен жыпылықтайды | Кері соққы, KickBack Control функциясы іске қосылды | Электр құралын өшіріп, ара төсемінің ықтимал бұғатталу мәселесін шешіңіз. |
қызыл | Электр құралы қызып кетті. | Электр құралын суытыңыз. |
Аккумулятор заряды таусылған | Аккумуляторды зарядтаңыз. | |
4× көк түспен жыпылықтайды | Бастапқы күйге қайтару функциясы іске қосылды | − |
Adaptive Speed Control функциясы дәл кесіктер жасауға мүмкіндік береді:
- Функция қосылып тұрғанда, жүріс саны кесу басында төмен болады. Нәтижесінде ара төсемін қажетті кесік сызығына барынша дәл орналастыруға болады.
- Ара төсемі дайындамаға кіргенде, жүріс саны реттелген деңгейге автоматты түрде көтеріледі.
- Жұмыс процесі аяқталғаннан кейін, ара төсемі дайындамадан алынғанда, жүріс саны автоматты түрде төмендетіледі. Электр құралы қосылып тұрады (ажыратқыш (7) басылған болса).
- Adaptive Speed Control функциясы металл немесе қатты сүрек сияқты қатты материалдарды аралау және кесу үшін айрықша жарамды.
- Adaptive Speed Control функциясын қосу және өшіру үшін режим түймесін (18), Adaptive Speed Control индикаторы (16) жанғанша (қосулы) немесе сөнгенше (өшірулі) басыңыз.
Stop Control функциясы айналадағы заттарға зақым келтіру қаупін азайтуға мүмкіндік береді:
- Электр құралы жұмыс процесінің соңында автоматты түрде өшіп қалады (ара төсемі дайындамадан алынғанда). Stop Control индикаторы (15) жыпылықтап, автоматты түрде өшіру туралы хабарлайды.
- Stop Control функциясын қосу және өшіру үшін режим түймесін (18), Stop Control индикаторы (15) жанғанша (қосулы) немесе сөнгенше (өшірулі) басыңыз.
Adaptive Speed Control және Stop Control функцияларын бөлек немесе бірге пайдалануға болады. Электр құралын өшіру кезінде, функциялардың реттеуі жадта сақталады.

KickBack Control функциясы қосылған кезде, электр құралының күтпеген кері соққысы (мысалы, ара төсемінің бұғатталуына байланысты) орын алған жағдайда, қозғалтқышқа қуат берілуі тоқтатылады.
KickBack Control функциясы әдетте қосылып тұрады, KickBack Control индикаторында (13) ON жазбасы жасыл түспен жанып тұрады.
KickBack Control функциясы кері соққыға байланысты іске қосылса:
- қозғалтқыш өшіріледі,
- KickBack Control индикаторында (13) ON жазбасы қызыл түспен жанады,
- күй индикаторы (14) қызыл түспен жыпылықтайды,
- жұмыс шамы (9) жыпылықтайды.
Ажыратқышты (7) жіберіңіз. Қайта іске қосу үшін ара төсемінің ықтимал бұғатталу мәселесін шешіп, электр құралын қайта қосыңыз.
KickBack Control функциясын өшіру үшін KickBack Control түймесін (12) басыңыз. KickBack Control индикаторында (13) OFF жазбасы жанып, күй индикаторы (14) сарып түспен жанады. Егер электр құралы 5 минуттан ұзақ пайдаланылмаса немесе аккумулятор шығарылса, KickBack Control функциясы автоматты түрде қайта қосылады.
- Егер KickBack Control функциясы ақаулы болса, электр құралы бұдан былай қосылмайды. Электр құралыңызды тек білікті маманға және түпнұсқа қосалқы бөлшектермен бірге жөндетіңіз.