Құралды алмастыру
Алмалы-салмалы аспапты орнату (A суретін қараңыз)
Алмалы-салмалы аспапты құрал бекіткішіне (1) тірелгенше кіргізіңіз.
Бұрауыш биттерді (13) шар тәрізді ысырмасы бар әмбебап бит ұстағышы (14) арқылы енгізуге болады.
НҰСҚАУ: алмалы-салмалы аспапты енгізу қиынға соқса, құлыптау төлкесін алға тартыңыз да, алмалы-салмалы аспапты құрал бекіткішіне тірелгенше кіргізіңіз.
НҰСҚАУ: алмалы-салмалы аспаптың тірелгеніне және берік бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
Алмалы-салмалы аспапты шығару
Бекіту төлкесін (2) алға қарай жылжытып, алмалы-салмалы аспапты алып тастаңыз.