Жеңдік пакетті орнату
- Электр құралында барлық жұмыстардан алдын аккумуляторды шығарыңыз.
- Егер пакет және картридж ұстағышын картридж прессінде бұрап қойсаңыз ппакет және кратридж ұстағышын бұрандаға бұралуына көз жеткізіңіз. Екінші қолмен байланыс қақпағын сұтап тұрыңыз, егер пакет және картридж ұстағышын бұрап тұрсаңыз!
Картриджді пресс әдетте жеңдік пакеттермен жұмыс істеу үшін жеткізіледі. Бұл жағдайда алғаш рет пайдалану кезінде өзгерту қажет емес.
Егер картриджді престі алғаш рет пайдалансаңыз немесе жеңдік пакеттер алдында қолданған болса, пластмассалық қыспа диск (4) және металл қыспа диск (5) орнатылуын қамтамасыз етіңіз. Төмендегідей әрекет жасаңыз:
- Қалпақшаны (1) пакет пен картридж ұстағышынан (2) бұрап алыңыз.
- Тісті рейканы (7) тісті рейканы босату аспабымен (12) босатып, тісті рейканы артқа қарай тартыңыз.
- Жеңдік пакетті алдыңғы жағынан кесіп алыңыз және жеңдік пакетті пакет пен картридж ұстағышына кіргізіңіз.
- Жарамды бүріккіш форсунканы жеңдік пакетке орнатып, пакет пен картридж ұстағышын (2) қалпақшамен (1) жауып қойыңыз.
- Босатылған тісті рейканы пластмассалық қыспа диск (4) жеңдік пакетке тигенше абайлап алға жылжытыңыз.
- Қажет болса, бүріккіш форсунканы талаптарға сәйкес кесіңіз.
Егер картриджді пресс бұрыннан картриджбен бірге қолданылған болса, төмендегідей әрекет етіңіз (A суретін қараңыз):
- Тісті рейканы (7) тісті рейканы босату аспабымен (12) босатып, тісті рейканы артқа қарай тартыңыз.
- Пакет пен картридж ұстағышын (2) картриджді престен бұрап шығарыңыз.
- Алюминий қыспа дискіні (6) алып, оны 180° шамасына бұраңыз (бұдыр жағын артқа қаратып) және қайта орнатыңыз.
- Алюминий қыспа дискіні (6) алдымен металл қыспа дискіге (5) орнатып, пластмассалық қыспа дискіге (4) қойыңыз. Қыспа гайканы (3) бұрандаға бұрап қойып, мықтап бекітіңіз.
- Пакет пен картридж ұстағышын (2) картриджді преске бұрап қойыңыз. Байланыс қақпағын (8) ұстап тұрыңыз.
- Қалпақшаны (1) пакет пен картридж ұстағышынан (2) бұрап алыңыз.
- Жеңдік пакетті алдыңғы жағынан кесіп алыңыз және жеңдік пакетті пакет пен картридж ұстағышына (2) кіргізіңіз.
- Жарамды бүріккіш форсунканы жеңдік пакет алдында орнатып, пакет пен картридж ұстағышын (2) қалпақшамен (1) жауып қойыңыз.
- Босатылған тісті рейканы пластмассалық қыспа диск (4) жеңдік пакетке тигенше абайлап алға жылжытыңыз.
- Қажет болса, бүріккіш форсунканы талаптарға сәйкес кесіңіз.