Жұмыс құралын ауыстыру
- Алмалы-салмалы аспаптарды орнату және алмастыру үшін қорғаныш қолғапты киюге кеңес беріледі.
Көлемді Bosch керек-жарақтар бағдарламасына жататын түпнұсқа алмалы-салмалы аспаптарды дилеріңізден алуға болады.
Цангалы қысқышты алмастыру (A суретін қараңыз)
Бекіткіш бұранданы (9) алып тастаңыз да, тереңдік шектегішін (2) шаң соруға арналған адаптермен (3) бірге шығарып алыңыз.
Алмалы-салмалы аспаптың өлшеміне байланысты орнатудан бұрын салмалы гайканы (12) цангалы қысқышпен (11) алмастыру керек.
Егер жұмысыңыз үшін тиісті цангалы қысқыш алдын ала орнатылған болса, төмендегі бөлімдегі жұмыс қадамдарын орындаңыз.
Цангалы қысқыш (11) салмалы гайка ішінде азғантай бос орынмен орналасуы керек. Салмалы гайка (12) оңай орнатылуы тиіс . Егер салмалы гайка немесе цангалы қысқыш зақымдалған болса, оны дереу алмастырыңыз.
Шпиндельді бұғаттау түймесін (8) басып, ұстап тұрыңыз. Қажет болса, қозғалтқыш шпинделін бұғатталғанша қолмен бұраңыз.
Салмалы гайканы (12) айыр тәрізді кілтпен (13) ➊ айналу бағытымен бұрау арқылы шығарыңыз.
Шпиндельді бұғаттау түймесін жіберіңіз.
Қажет болса, құрастырмас бұрын барлық орнатылатын бөлшектерді жұмсақ шүберекпен немесе сығылған ауамен үрлеп тазартыңыз.
Жаңа салмалы гайканы құрал бекіткішіне (14) орнатыңыз.
Салмалы гайканы ➋ айналу бағытымен бұрау арқылы тартыңыз.
- Алмалы-салмалы аспап монтаждалмаған болса, цангалы қысқышты ешқашан салмалы гайкамен тартпаңыз. Әйтпесе цангалы қысқыш зақымдалуы мүмкін.
Тереңдік шектегішін (2) шаң соруға арналған адаптермен (3) бірге электр құралына салып, бекіткіш бұрандамен (9) бекітіңіз.
Алмалы-салмалы аспапты енгізу (B суретін қараңыз)
- Алмалы-салмалы аспаптарды орнату және алмастыру үшін қорғаныш қолғапты киюге кеңес беріледі.
Алмалы-салмалы аспаптар пайдалану мақсатына байланысты әртүрлі нұсқалар мен сапа деңгейлерінде қолжетімді.
Бағыттауыш ұштығы бар алмалы-салмалы аспаптар гипскартон тақталарын беттеп кесуге арналған.
Спиральдік ойығы бар алмалы-салмалы аспаптар бағытталған жоңқа тақталарды, жоңқа тақталарды, фанераны, пенопласт пен пластикті кесуге арналған.
Көлемді Bosch керек-жарақтар бағдарламасына жататын түпнұсқа алмалы-салмалы аспаптарды дилеріңізден алуға болады.
Тек ақаусыз және таза алмалы-салмалы аспаптарды пайдаланыңыз.
- Бекіткіш бұранданы (9) алып тастаңыз. Тереңдік шектегішін (2) шаң соруға арналған адаптермен (3) бірге бөлшектеңіз.
- Шпиндельді бұғаттау түймесін (8) басып, ұстап тұрыңыз. Қажет болса, қозғалтқыш шпинделін бұғатталғанша қолмен бұраңыз.
- Салмалы гайканы (12) айыр тәрізді кілтпен (13) ➊ айналу бағытымен бұрау арқылы босатыңыз.
- Алмалы-салмалы аспапты цангалы қысқышқа енгізіңіз. Алмалы-салмалы аспаптың білігі цангалы қысқышқа кемінде 20 мм-ге кіргізілуі тиіс.
- Салмалы гайканы (12) айыр тәрізді кілтпен (13) ➋ айналу бағытымен бұрау арқылы мықтап тартыңыз. Шпиндельді бұғаттау түймесін (8) жіберіңіз.
- Тереңдік шектегішін (2) шаң соруға арналған адаптермен (3) бірге монтаждаңыз. Оларды бекіткіш бұрандамен (9) бекітіңіз.
- Алмалы-салмалы аспап монтаждалмаған болса, цангалы қысқышты ешқашан салмалы гайкамен тартпаңыз. Әйтпесе цангалы қысқыш зақымдалуы мүмкін.