Тереңдік шектегішін реттеу (D суретін қараңыз)
- Кесік тереңдігін реттеу әрекетін тек электр құралының өшірулі күйінде орындауға болады.
Тереңдік шектегішін реттеу үшін келесідей әрекет етіңіз:
- Тереңдік шектегішін (2) өңделетін дайындамаға қойыңыз.
- Тереңдік шектегішін (2) реттеу үшін бекіткіш бұранданы (9) босатыңыз.
- Тереңдік шектегішін (2) қажетті орынға жылжытып, бекіткіш бұранданы (9) бұрап бекітіңіз.
- Жұмысты бастамас бұрын алмалы-салмалы аспап қатты бетке тимеуі үшін, дайындама артында жеткілікті бос орынның бар болғанына көз жеткізіңіз.