Пайдалану нұсқаулары
- Электр құралында кез келген жұмыс өткізбес бұрын (мысалы, техникалық қызмет көрсету, құралды алмастыру және т.б.) аккумуляторды электр құралынан шығарып алыңыз. Ажыратқышты кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі туындайды.
- Қылышты ара тұрып қалса электр құралын бірден өшіріңіз.
- Кіші немесе жұқа дайындамаларды өңдеуде әрдайым жылжымайтын тіреуішті пайдаланыңыз.
Ағаш, ЖАТ, құрылыс материалдары және т.б. бойынша аралау алдында ине, бұрандалар және т.с.с. сияқты бөгде заттардың бар-жоғын тексеріп, қажетінше алып тастаңыз.
Жұқа аралар ең бастысы бүгілген кесіктер жасау үшін жобаланған. Bosch сұрыпталымында тік кесіктер немесе домалақ кесіктер жасауға мүмкіндік беретін керек-жарақтар да бар (жұқа ара үлгісіне қарай, мысалы, параллель тірек, бағыттауыш шина немесе айналмалы кескіш).
Қолмен басқарылатын жұқа араларға әдетте "қашу" қасиеті тән, яғни белгілі бір жағдайларда бұрыш пен кесік дәлдігі қамтамасыз етілмейді. Дәлдікке шешуші әсер ететін факторларға ара төсемінің қалыңдығы, кесік ұзындығы және дайындаманың материал тығыздығы мен қалыңдығы жатады.
Сондықтан таңдалған жүйенің кесу нәтижесі қызметтік талаптарыңызға сәйкес келетіндігін тексеру үшін әрдайым сынақ кесіктер жасаңыз.
Параллель тірекпен (33) жұмыс істеу үшін дайындаманың қалыңдығы ең көбі 30 мм құрауы тиіс.
Реттегіш бұранданы (32) босатып, параллель тіректің шкаласын тірек тақтасындағы бағыттауыш (31) арқылы жылжытыңыз. Тірек тақтасының ішкі жиегінде қажетті кесік енін шкала мәні ретінде реттеп шығыңыз. Реттегіш бұранданы (32) бұрап бекітіңіз.
Бағыттауыш шина адаптері (35) төмендегі жағдайларда қажет болады:
- бағыттауыш шинаның (34) көмегімен тік сызықты кесіктер жасау үшін
- айналмалы кескішпен (36) айналма кесіктер жасау үшін
Пластик жылжыманың (14) тірек тақтасына (13) монтаждалғанына көз жеткізіңіз. Электр құралын бағыттауыш шина адаптеріне (35) енгізіңіз.
Бағыттауыш шина адаптерін пайдалану үшін оның пайдалану бойынша нұсқаулығын қараңыз.