Фрезерлеу тереңдігін реттеу (B суретін қараңыз)
- Фрезерлеу тереңдігін реттеу жұмысын тек электр құралының өшірулі күйінде орындау керек.
- Фрезасы орнатылған электр құралын өңделетін дайындамаға қойыңыз.
- Дәлдеп реттеу шкаласын (10) "0" мәніне бұраңыз.
- Револьверлік тіректі (8) ең төменгі деңгейге орнатыңыз; револьверлік тірек шерту дыбысымен тіреледі.
- Тереңдік шектегішіндегі (5) домалатпа бұранданы, тереңдік шектегіші (3) бос жылжитындай етіп босатыңыз.
- Батыру функциясына арналған құлыптан босату иінтірегін (12) басып, жиек фрезасын, фрезер дайындама бетіне тигенше, баяу төмен жүргізіңіз. Осы батыру тереңдігін бекіту үшін құлыптан босату иінтірегін (12) қайтадан жіберіңіз.
- Тереңдік шектегішін (3), ол револьверлік тіректе (8) тұрғанша, төмен қарай басыңыз. Көрсеткіш белгісі бар жапқышты (4) фрезерлеу тереңдігінің шкаласындағы (11) "0" күйіне орнатыңыз.
- Тереңдік шектегішін (3) қажетті фрезерлеу тереңдігіне орнатыңыз және тереңдік шектегішіндегі домалатпа бұранданы (5) мықтап тартыңыз. Көрсеткіш белгісі бар жапқыштың (4) енді жылжымайтындығына көз жеткізіңіз.
- Батыру функциясына арналған құлыптан босату иінтірегін (12) басып, жиек фрезасын ең жоғарғы күйде жүргізіңіз.
Реттелген фрезерлеу тереңдігіне, батыру әрекетінің барысында тереңдік шектегіші (3) револьверлік тірекке (8) тірелгенде ғана қол жеткізуге болады.
Тереңірек фрезерлеу үшін әрқайсысының фрезерлеу тереңдігін төменірек орнатып, бірнеше рет орындап өту керек. Револьверлік тіректің (8) көмегімен фрезерлеу процесін бірнеше деңгейге бөлуге болады. Ол үшін қажетті фрезерлеу тереңдігін револьверлік тіректің ең төменгі деңгейінде орнатып, бірінші жұмыс берілістері үшін жоғарырақ деңгейлерді таңдаңыз. Деңгейлердің арақашықтығы шамамен 3 мм құрайды.
Сынақ жүрістен кейін фрезерлеу тереңдігін төлкені (9) бұрау арқылы қажетті өлшемге дәлдеп реттеуге болады; фрезерлеу тереңдігін арттыру үшін төлкені сағат тілінің бағытымен, ал фрезерлеу тереңдігін азайту үшін төлкені сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз. Шкала (10) бағдарлау үшін пайдаланылады. Бір айналым шамамен 1 мм-лік реттеу жүрісіне сәйкес келеді, максималды реттеу жүрісі шамамен 4 мм құрайды. Батырмалы блок (2) максималды батыру тереңдігіне түсірілген болса, максималды реттеу жүрісінің қолданылғанына байланысты дәлдеп реттеу де үлкенірек батыру тереңдігіне қол жеткізуге көмектеспейді. Сондай-ақ тереңдік шектегіші (3) револьверлік тірекке (8) тиіп тұрса, дәлдеп реттеу мүмкін емес.
Қалып ретінде сәйкес қуыс фрезерленуі керек бөлшекті пайдаланыңыз (мысалы, шарнир).
- Револьверлік тіректі (8) ең төменгі деңгейге орнатыңыз; револьверлік тірек шерту дыбысымен тіреледі.
- Бөлшекті револьверлік тіректің ең төменгі деңгейіне орнатыңыз.
- Тереңдік шектегішіндегі (5) домалатпа бұранданы, тереңдік шектегіші (3) бос жылжитындай етіп босатыңыз.
- Тереңдік шектегішін, ол бөлшекке орнатылғанша төмен қарай басыңыз да, тереңдік шектегішіндегі домалатпа бұранданы қатайтыңыз.
- Бөлшекті револьверлік тіректен шығарып алыңыз.