Жұмыс бойынша нұсқаулар

Фрезерлеу бағыты мен фрезерлеу процесі (C суретін қараңыз)

Батырмалы блокпен (2) фрезерлеу жұмысы келесідей жүргізіледі:

  • Қажетті фрезерлеу тереңдігін реттеңіз, "Фрезерлеу тереңдігін реттеу" бөлімін қараңыз.
  • Фрезасы орнатылған электр құралын өңделетін дайындамаға қойып, электр құралын қосыңыз.
  • Батыру функциясына арналған құлыптан босату иінтірегін (12) басып, жиек фрезасын, реттелген фрезерлеу тереңдігіне жеткенше, баяу төмен қарай жүргізіңіз. Осы батыру тереңдігін бекіту үшін құлыптан босату иінтірегін (12) қайтадан жіберіңіз.
  • Фрезерлеу әрекетін біркелкі алға жылжыту арқылы орындаңыз.
  • Фрезерлеу әрекеті аяқталғаннан кейін, жиек фрезасын ең жоғарғы күйге қайтарыңыз.
  • Электр құралын өшіріңіз.

Қысқыш иінтіректі реттеу (D суретін қараңыз)

Егер жетек блогы (1) батырмалы блокта бұдан былай берік орналаспаса, қысқыш иінтіректің (13) керіліс күшін реттеу қажет.

  • Қысқыш иінтіректі ашыңыз.
  • Гайканы айыр тәрізді кілтпен (8 мм) шамамен 45°-қа сағат тілінің бағытымен бұраңыз.
  • Қысқыш иінтіректі қайта жабыңыз.
  • Жетек блогының берік керілгенін тексеріп шығыңыз. Гайканы тым қатты қатайтпаңыз.